Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Айыртауда хатымхана ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 29.03.2024 388 0 пікір
ШҚО: Айыртауда хатымхана ашылды

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылында хатымхана ашылып, ел игілігіне берілді.

Нысанның ашылу салтанатына ауданның бас имамы Зауатбек Сайлауұлы, ел ағалары, имамдар және ақсақалдармен қайраткерлер қатысты. Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Ұлан ауданының бас имамы Зауатбек Сайлауұлы сөз сөйлеп, ауыл халқы бірлесіп қаржы жинап, кәсіпкерлердің көмегімен осынау ғимаратты салынғандығын жеткізіп, көмектескен жамағаттарға және халыққа алғыс айтып, аудандық мешіт атынан «Алғыс хат» берді.

Шараға қатысқан ауыл қариялары: «Айыртау өңірі үшін бұл үлкен қуаныш.Қандай бір діни зияпат шараларын өткізуге орын жоқтығы қиындық тудырып келген еді. Енді міне, ауылдық мешіттің ұйытқы болуымен хатымхана ашылды. Атсалысқан, ұйымдастырған ауыл мешітіне Алла Тағала разылы болсын. Бұл аса зор сауапты іс. Ауыл халқы да бұл хатымхананы көптен күткен еді» дей келе, жиналған халықты құттықтап, бата берді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ауыл жұртшылығы қуанышқа бөленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру