Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Қос баспана кілті табысталды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 28.03.2024 340 0 пікір
Павлодар: Қос баспана кілті табысталды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен Павлодар облысында Рамазан айының құрметіне «30 күнде 30 баспана» акциясына орай 2 баспана кілті табысталды.

Бірінші баспана Ақсу ауданы, Ақсу кентінің тұрғыны Ғалия атты жалғыз басты анаға табысталды. Бұл игі шараны ұйымдастырған – Ақсу қалалық мешітінің бас имамы және  жамағаты.

Ал екінші баспана мешіттің қызметтік баспанасы ретінде Шарбақты ауданы Хмелницский ауылы «Темір молда» мешітінің имамына берілді. Бұл шараның іске асуына ауыл тұрғыны Абай ағамыз отбасымен және «Зекет және қайырымдылық» қорының Павлодар облыстық өкілдігі ұйытқы болды.

Ізгі жұмысқа атсалысқан дін қызметшілері мен жамағатына Алла разы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру