Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ «ПЕЙІШ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 28.03.2024 329 0 пікір
ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ «ПЕЙІШ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елордалық белсенді жастар қырғыз режиссері Руслан Акун таспалаған «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмін тамашалады.

Ана мен баланың қажылыққа жасаған сапарын бейнелейтін көркем туынды өзінің ерекше және әсерлі эпизодтарымен еріксіз жүректерді әсерлендіреді. Қалың бұқараны әсіресе, жастар қауымын имандылыққа баулитын фильм көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде.

Тәрбиелік мәні аса зор фильм бауырлас елдердің адамсүйгіштік қасиетін де көрсеткен. Сонымен қоса саяси құрдымға айналған елдердің күйреу салдарын да сипаттап өткен.

Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Мысыр және Сауд Арабиясында түсірілген фильмді қазақ тілінен бөлек, өзбек, орыс және араб тілдеріне аудару жоспарда тұр.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру