Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қарттар үйіне «Рамазан қоржыны» табысталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 27.03.2024 400 0 пікір
Ақтөбе: Қарттар үйіне «Рамазан қоржыны» табысталды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, еліміздің әр өңірінде қасиетті айда «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы өтуде. Осы игі бастама Ақтөбе қаласындағы қарттар үйінде де жалғасын тапты. 

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастап барған дін қызметкерлері қарттарды қасиетті аймен құттықтап, ұстап жатқан оразаларының қабыл болуын тіледі. Алладан қарияларға берекелі әрі ұзақ ғұмыр мен денсаулық сұрады. Жылы лебізін айтып, насихат айтты.

ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі қарияларға азық-түліктерге толы «Рамазан қоржындары» табысталды. Сондай-ақ «Нар қыз» жыр мектебінің басшысы бастап келген жыршылар тобы қарттардың көңілін көтеріп рухани әсем жыр шумақтарын шертті. Сонымен қатар жыр-терме шерткен жыр мектебінің шәкірттеріне «Рамазан тәттісі» таратылып, тәрбиешілеріне алғыс хат табысталды. Шара қортындысында игі бастамаға алғыстарын жеткізіп, қариялар мешіт имамдарына ақ баталарын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру