Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: 729-баспана кілті табысталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 26.03.2024 395 0 пікір
Маңғыстау: 729-баспана кілті табысталды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 729-баспана кілті Маңғыстау облысында табысталды.

Эдеми Парахадқызы – мүгедектігі бар жалғызбасты ана, осы уақытқа дейін қызымен бірге пәтер жалдап тұрған. Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада Эдеми Парахадқызына Маңғышлақ станциясынан 3 бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері, елді мекен ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Облыс бас имамы үй иесін қуанышымен құттықтап: «Алла Тағала үйлеріңізді берекеге толтырып, қуаныштарыңызды еселесін. Қоныс құтты болсын» деді.

Облыс бас имамы да, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру