Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ»: 40 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» МЕН КИІМ-КЕШЕК ТАБЫСТАЛДЫ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 21.03.2024 286 0 пікір
«ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ»: 40 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» МЕН КИІМ-КЕШЕК ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде әлеуметтік көмекке мұқтаж 40 отбасыға «Рамазан сыйлығы» мен су жаңа киім-кешектер табыс етілді.

Сауапқа толы берекелі шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Элмира Серікбайқызы арнайы қатысты.

Ал, игі шараны ұйымдастырушы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Бекетқызы қолдау білдіріп отырған бас имамға және демеушілік жасаған «Әжелер өнегесі» клубы мүшелері мен Құран әліппесінен білім алушы шәкірттерге өз алғысын жеткізді.

Рамазан – қайырымдылық айы. Осы орайда өкілдікке қарасты құлшылық үйлері сауабы мол игі амалдарда барынша белсенділік танытып келеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру