Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАМАЗАН-2024: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ АУЫЗАШАР ӨТКІЗДІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 20.03.2024 441 0 пікір
РАМАЗАН-2024: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ АУЫЗАШАР ӨТКІЗДІ

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы өкілдігіндегі мешіт ұстаздары шаһар арулары мен әйел жамағатына ауызашар дастарханын ұйымдастырды.

Рамазан – мейірім айы. Рамазан – шапағат айы. Бұл айда жақсылық амалдар көбірек атқарылуына ат салысып жүрген мешіт ұстаздары әйел жамағатына рухани кеш ұйымдастырды. Алдымен Құран аятарын оқумен басталған рухани кеште ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы «Рамазан – Рақым айы» тақырыбында әсерлі уағыз-насихат жүргізді. Арнайы шақырылған білікті спикерлер Рамазан қасиеті мен маңызы, Рамазанда тақуалыққа жетудің жолдары, Рамазандағы нәпсі тәрбиесі, Рамазан және ысырап жайында сөз қозғады.

Рухани кеш жүргізушісі «Әл-Мадина» мешітінің ұстазы Айнұр Шәймерденқызы сұрақ-жауаптар арқылы қатысушылар арасында сайыстар өткізді. Кеш соңында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ақ жаулықты әжелер қыз-келіншектерге батасын беріп, ел амандығы үшін бата жасады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру