Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Кәсіпкерлерге алғыс хат берілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.03.2024 908 0 пікір
ШҚО: Кәсіпкерлерге алғыс хат берілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Шараны ҚМДБ «Уақып» қорының ШҚО өкілдігі ұйымдастырды. Кәспкерлер мен еріктілер алдында сөз алған «Уақып» қорының өкілі Берік Кәдірұлы жиынның маңызына жан жақты тоқталып, қазіргі таңдағы қайырымдылық жасау, Рамазан айының құндылығын халыққа жеткізудегі маңызды да сауапты іс екендігін айтып өтті.

«Қайырымдылық шарасын жасауда ат салысып жүрген сіздерге шынайы алғыс білдіремін. Бұл дін жолындағы сіздердіңерен еңбектеріңіз. Ислам дінінің бір ғибраты ол қайырымдылық жасауда. Қасиетті Рамазан айында сауапты істерді көбірек жасайық» деді ол. Сондай-ақ қор өкілі бірқатар дін жанашырлары – кәсіпкерлерге ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлының «Алғыс хатын»табыс етті. Кәсіпкерлер тарапынан еңбегін лайықты бағалап жатқан өкілдікке алғыс айтып, бірлесе қызмет ету жайлы ойларын ортаға салды. Соңынан қайырымдылық мекемесі шәкірттеріне ас берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру