Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Кәсіпкерлерді арақ сатпауға шақырды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 17.03.2024 476 0 пікір
Ақтөбе: Кәсіпкерлерді арақ сатпауға шақырды

Қасиетті Рамазан – Алланың парыз қылған оразасын ұстап, күнәлі істерден барынша бойды аулақ ұстайтын ай. Ұлық айдың құрметіне орай, қала және ауданға қарасты ақтөбелік имамдар мен ақсақалдар алқасы жергілікті кәсіпкерлердің дүкендерін аралап, «Арақсыз Рамазан» акциясының аясында бұл айда арақ сатпауға шақырды.

Дін қызметкерлері мен ақсақалдар арақтың дініміздегі үлкен күнәлардың қатарынан екенін айтып, адамның өзіне, отбасына, қоғамға және жүргізіп отырған кәсібіне тигізетін зияндарын жеткізді. Көптеген кәсіпкерлер үндеуді қабыл алып, арақ сатуды тоқтатуды қолға алды.

Аталған насихат жұмыстары Ақтөбе қаласы мен облысқа қарасты 12 ауданда жүргізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру