Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Балалар үйіне «Рамазан сыйы» таратылды

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 16.03.2024 450 0 пікір
Абай: Балалар үйіне «Рамазан сыйы» таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Абай облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.

Биыл елімізде әз-Наурыз мейрамы да жаңа форматта тойланады. Яғни Наурызнаманың онкүндігіне арналған іс-шаралардың жоспары бар. Кезекті қайырымдылық акциясы да осы «Қайырымдылық, татулық және мейірім» тақырыбына арналды. «Зекет және қайырымдылық қорының» мамандары мен Абай атындағы орталық мешіт қызметкерлері 30 бүлдіршінге «Рамазан сыйын» үлестірді.

Ұйымдастырушылар балаларды Рамазан айының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Көктемнің мерекесімен тұспа-тұс келген қайырымдылық шарасы балалардың көңіліне шуақ, жүрегіне мейірім ұялатқаны сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру