Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте 12000 жанға ауызашар дастарханы жайылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 16.03.2024 439 0 пікір
Шымкентте 12000 жанға ауызашар дастарханы жайылды

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан дастарханы» қайырымдылық ауызашары ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» ЖШС жауапты маманы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және Әйел-қыздар секторының мүшелері т.б. азаматтар қатысты.  

Берекелі дастархан аясында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері, иман, ислам, ихсан туралы уағыз айтылды. Сондай-ақ, талапқа сәйкес ауызашар дастарханы мен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шаралар барысында халал өнімдерге мән беру қажет екендіні жан-жақты насихатталды.

Айта кетсек,  шаһардағы 56 мешітте өткен ауызашар рәсіміне 12000 жанға ауызашар дастарханы жайылды.

 Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

<

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру