Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наурызнама-2024: Сыр мешіттері 514 отбасыға қуаныш сыйлады

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 16.03.2024 446 0 пікір
Наурызнама-2024: Сыр мешіттері 514 отбасыға қуаныш сыйлады

Биылғы жылы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес белгіленген 15 наурыз – қайырымдылық күнінде Сыр мешіттері 514 отбасыны қуантты.

Нақтырақ айтар болсақ, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде мүгедектігі бар және тұрмысы төмен 100 отбасыға  «Рамазан қоржыны» таратылса, Арал аудандық орталық мешітінде 69, Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде 50, Шиелі аудандық орталық мешітінде 40, Жаңақорған аудандық орталық мешітінде 40 жанұяға көмек көрсетілді. Сонымен қатар Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешіті мен жергілікті әкімдік бірлесіп 200 отбасыға 50 келі ұннан үлестірсе, Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешіті 15 отбасыға азық-түлік қоржынын, 100 адамға су мен құрма таратты.

Қасиетті Рамазан айымен қатар келген ұлттық мерекенің құрметіне өткізілген қайырымдылық шаралары берекелі ай бойына толығымен жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру