Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Рамазан айының құрметіне екі отбасыға баспана құжаты берілді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 16.03.2024 519 0 пікір
Атырау: Рамазан айының құрметіне екі отбасыға баспана құжаты берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орталық «Иманғали мешітінің ұйытқы болуымен «I BIGMA GROUP» ЖШС компаниясы екі отбасына баспана құжатын табыс етті.

Салынып жатқан бизнес класс санатындағы тұрғын үйдің құжаттарын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «I BIGMA GROUP» ЖШС компаниясының басшысы Ибрагим Аманбайұлы табыс етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 723, 724-пәтердің құжаттары Атырау қаласындағы көп балалы отбасы Қуаныш Қуандықұлына және дін қызметкеріне табысталды.

«Қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айда тілектер қабыл болады. Сіздің көп жылдардан бері мешіт жанашыры болып жүргеніңізді білеміз. Көп балалы отбасы ретінде жомарт жандар сізге осындай қуаныш сыйлап отыр. Ұрпақтарыңыздың несібесі деп қабылдаңыз,-деп тілегін білдірді Алтынбек Ұтысханұлы.

Ибрагим Аманбайұлы жаңадан салынып жатқан жаңа пәтердің құжатын рәсімдеп, көп балалы отбасына табыстады.

Айта кетейік, 113.1 м2, 88.3 м2 шаршы метр болатын екі және үш бөлмелі жаңа пәтер заманауи үлгіде Атырау қаласының Тұрғындар қалашығы шағын ауданы, Әуезов даңғылының бойында салынуда. Үйдің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Екінші пәтер көп жылдан бері дін саласында еңбек етіп келе жатқан дін қызметкеріне берілмек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру