Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Рамазан Мүбарак» шарасы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 15.03.2024 402 0 пікір
ШҚО: «Рамазан Мүбарак» шарасы өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы ШҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халифа Алтай» мешітінде «Рамазан Мүбарак» атты шара өтті.

Атаулы жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы қатысып: «Әуелі баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын! Рамазан айы мүбәрак болсын. Рамазан күллі мұсылман үшін қасиетті де, берекелі ай. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл ай кіргенде «Сендерге Рамазан айы келді, бұл берекеге толы ай. Алла осы айда оразасын парыз етті. Бұл айда жәннат есіктері айқара ашылып, тозақ есіктері жабылады» деп сүйіншілейтін болған. Ата-бабаларымыз да бұл ай кірісімен бір-бірлерін құттықтап, «Мұхаммед үмбетіне айтқан жарапазан, оразаң қабыл болсын ұстаған жан!» – деп, жарапазан айтып келген» деп атап өтіп, қасиетті Рамазан айының маңызы мен сауабы хақында тағылымды насихат айтты.

Жиында ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы бұл айда жасалатын ізгі амалдарға тоқталды. Бас имам сонымен қатар ислам тағылымындағы отбасылық тәрбие және әйелдің мәртебесі хақында уағыз айтты.

Бас имам: «Біз өкілдіктен арнаулы жоспарлар жасап, қыздар мен әйелдерге дәстүрлі отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды қолға алып отырмыз» дей келе, қасиетті Рамазан айында өңір бойынша бірқатар ұлттық құндылықтарды ұлықтау бағытындағы шаралар және қайырымдылық іс-шаралары өтетіндігін жеткізді. Жиында құнды ұсыныстар айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру