Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы имамдарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар аяқталды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 15.03.2024 446 0 пікір
Алматы облысы имамдарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар аяқталды

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдар мен ұстаздардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған үш күндік семинар өз мәресіне жетті.

Танымдық шараның кезекті күні дін қызметкерлеріне Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары Ернар Нұрманбетұлы және Азамат Шотбайұлы дәріс оқыды. Атап айтқанда Ернар Нұрманбетұлы «Ислам тарихы» тақырыбында сөз қозғаса, Азамат Шотбайұлы «Хадис ілімі» тақырыбы аясында білімімен бөлісті.

Семинар соңында екі ұстазға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының алғыс хатын облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы табыс етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру