Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Байзақ ауданында жаңа мешіт ашылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 13.03.2024 405 0 пікір
Жамбыл: Байзақ ауданында жаңа мешіт ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданының орталығы саналатын Сарыкемер ауылында халық саны артып келеді. Осы мақсатта жомарт жүректі тұрғындар мен кәсіпкерлердің бастамасы әрі демеушілігімен қасиетті Рамазан айы қарсаңында келбеті мен сәулеті жарасқан жаңа мешіт ел игілігіне берілді.

Халықты имандылыққа ұйытып, бірлік пен ынтымаққа шақыратын Алла үйінің ашылуы Құран оқумен басталды. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, еңбек ардагері Серік Балабеков жаңадан бой көтерген мешіттің тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеуде алар орны ерекше екенін атап өтіп, діни ғимараттың халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты түрде мешіт лентасы қиылған соң, ақжаулықты аналар шашу шашты. Көпшілік жаңа мешітке кіріп, оқылған Құран аяттарын ұйып тыңдады. Мешіт жамағатымен көрікті. Жамағатқа есігін айқара ашқан еңселі ғибадат орны – Аллаға құлшылық жасап, бес уақыт намазын оқитын, тұрғындардың бірлігі мен ынтымағына қызмет етеріне сенім кәміл.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру