Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мешітте «Бас имам сағаты» өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 11.03.2024 424 0 пікір
Ақтөбе: Мешітте «Бас имам сағаты» өтті

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының қатысуымен жамағатқа «Бас имам сағаты» өтті.

Шараның басты мақсаты – Рамазан айының кіруімен қоғамда оразаға қатысты туындайтын көпшіліктің сауалдарына жауап беріп, көкейде жүрген түйіткілді мәселелердің шешімін табуға жәрдем ету. Нұрлыбек Шакизадаұлы жамағаттың 40-тан астам сауалына нақты дәлелдермен, тұшымды жауап берді.

Рамазан айына дайындықтың ең үлкені – білім ізденіп, жасап жатқан құлшылықтарымызға қатысты, оны бұзып-бұзбайтын әрекеттер мен дұрыс атқарылу жолдарын сауатты орындауға қатысты мәселелерді білу. Сондықтан әрдайым діни сауал туындаған жағдайда арнайы мешіт имамдары мен ұстаздарынан жауап табуға шақырамыз!

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру