Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Рамазанда бір ағаш ек» акциясы басталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 11.03.2024 427 0 пікір
Шымкентте «Рамазанда бір ағаш ек» акциясы басталды

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жолдаған Бағдарлық баяндамасы және «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент орталық мешітінде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатында «Рамазанда бір ағаш ек» акциясы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді,  Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық  «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби,  Еңбекші, Қаратау және Тұран аудан имамдары қатысты.

Осы «Рамазанда бір ағаш ек» атты табиғатты қорғау, қолдау, жасылдандыру акциясы аясында мешіт ауласына 100 түп ағаш отырғызылды. Аталмыш акциға қасиетті Рамазан айында тиісті орындарға ағаш отырғызуға шақырамыз.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру