Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан-2024: Екі отбасы баспаналы болды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 11.03.2024 441 0 пікір
Рамазан-2024: Екі отбасы баспаналы болды

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» республикалық жобасы аясында екі бірдей қызылордалық отбасы баспаналы болды.

Игі шараға қатысқан Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қуаныш иелерін құттықтап, 721, 722-үйдің кілттерін табыстады.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы берекелі айға дайындық жиынында үйсіз жүрген дін қызметкерлерінің және тұрмысы төмен отбасылардың баспаналы болуына барынша үлес қосуды тапсырған болатын.

Сондай-ақ, шарапаты мол ораза айының құрметіне орай, облыс орталығындағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қор атынан 2 000 000 тг қаржылай көмек көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру