Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: 50 отбасыға азық-түлік берілді

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 10.03.2024 306 0 пікір
Ақмола: 50 отбасыға азық-түлік берілді

Ақмола облыстық орталық «Науан хазірет» мешітінде «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен облыс бас имамы Қуаныш Сәбит арнайы қатысты.

Дін қызметкерлері мешіттерде тұрақты өтіп тұратын «Тайқазан» жобасы жөнінде айтып, қайырымдылықтың маңызы мен сауабын тілге тиек етті. Игі іске демеуші болған жомарт жандарға алғыс айтып, көмек алған тұрғындарға сабыр тіледі.

Айта кетейік, осы шарада 50 отбасыға азық-түлікпен көмек берілсе, науқастанған анаға 100 мың теңге қаражат табыс етілді. Алла Тағала дерті барға шипа, қиындығы барға жеңілдік бергей!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру