Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Оразаға орай брифинг өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 10.03.2024 214 0 пікір
Павлодар: Оразаға орай брифинг өтті

Павлодар облысы өңірлік коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Рамазан айына орай баспасөз брифингі өтті.

Жиынға облыстың бас имамы Жолдас Бертымұратов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов және облыстық денсаулық басқармасының арнайы өкілі қатысты. Бас имам Рамазан айы, Қадір түні, Тарауық, Айт намаздарының басталу уақыты мен білгіленген пітір, підия

мөлшерін мәлімдеп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндірді. Облыс көлемінде қай мешіттерде қайырымдылық ауызашар берілетініні, қай мешіттерде Хатым түсірілетініні, азық-түлік бағасын көтермеу, қасиетті айды арақ-шарапсыз өткізу т.б көптеген мәселелер толық қамтылды. Одан бөлек қасиетті айға орай ҚМДБ Төрғасаы, Бас мүфти Наурызбай қажы Таңанұлының жолдаған Үндеуін таныстырды. 

Сондай-ақ бас имам 30 күн бойы Ертіс-Баян өңірі мешіттерінің ұйытқы болуымен өтетін іс-шаралар легін хабарлады. Сонымен қатар биылғы Рамазанның ерекшелігі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен қатар келіп жатқандықтан ауызашарларда наурыз көжел тарату шаралары да ұйымдастырылатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру