Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан-2024: Сыр имамдарының дайындық жиыны өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 10.03.2024 353 0 пікір
Рамазан-2024: Сыр имамдарының дайындық жиыны өтті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының Рамазан айына дайындық жиыны өтті.

Қала және аудан мешіттері бас имамдары және наиб имамдарының қатысуымен өткен жиналыста облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы ҚМДБ тарапынан бекітілген тапсырмаларды баяндап,  отыз күнде атқарылуы тиіс шаралар легі жазылған «Рамазан жоспарын» таныстырды.

Нақтырақ айтар болсақ, қасиетті айда мешіттер мен ауызашар өткізілетін орындардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, сақадай сай болуын, қоғамды ізгілікке бастайтын игі істер мен түрлі форматтағы қайырымдылық акциялары көптеп ұйымдастырылып, уағыз-насихат, ақпараттандыру жұмыстары мен дәріс-сабақтардың үздіксіз жүргізілуін қадағалауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру