Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Рамазанға байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.03.2024 445 0 пікір
ШҚО: Рамазанға байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин мен іс басқарушы Берік Кәдірұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қасиетті Рамазан айына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Шараға облыс орталығындағы БАҚ өкілдері қатысты. Наиб имам барша мұсылманды он екі айдың сұлтаны Рамазан айының келуімен құттықтап, биылғы оразаның басталу күні, қасиетті Қадір түні, ораза айттың мерзімі, пітір садақасының мөлшері қатарлы негізгі ақпаттарды жариялады.

Дәулет Қабидолдин: «Рамазан айында сауапты амалдарды көбірек жасау аса маңызды. Рамазан рахым мен мейірімділіктің айы. Бұл айда жасалған сауаптар еселенеді» деп атап өтіп, қасиетті Рамазан айында  өкілдіктің ҚМДБ-дан берілген жоспар аясында рухани шаралардың ұйымдастырылатындығын жеткізді. Рамазанда мұқтаждарға қайырымдылық жасалады, қоғамның әлсіз топтары үшін ауызашарлар ұйымдастырылады» деді. Ол сонымен қатар журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.  БАҚ өкілдеріне ҚМДБ-дан жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар хақында кең көлемде мағлұмат берді.

Мәслихат барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы облыстық мешітте жасалатын шараларды айтып, оразаға байланысты барлық сауалдарға және әртүрлі діни мәселелерге қатысты ақпар мәліметтерді тек мешіттерден және ҚМДБ-ға қатысты ақпарат құралдарынан алу маңызды екендігінжеткізді. Ол сонымен қатар биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға барынша маңыз берілетіндігіне кең көлемде тоқталып, осы бағыттағы шаралар жайлы ақпарат берді.

Сөз соңында наиб имам күллі мұсылмандарды берекелі Рамазан айымен құттықтап, елімізге бейбітшілік, халқымызға татулық, берекет тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру