«Алдымызда келе жатқан он екі айдың сұлтаны – Рамазан айымен құттықтаймын. Осы айда атқарар қызметіміз сапалы болуы керек. Уағыз-насихат жұмыстарының осы айда қарқын алуы, отыз күнге отыз уағыз айдарын өткізу, бас имам сағатын өткізу, оразаға байланысты сұрақ-жауап өткізіп, арнайы кітапшалар тарату, жастарға қатысты ораза, ихсан тақырыбында семинар өткізу және қайырымдылық бағытын жандандыру, әлеуметтік желіде насихат жұмыстарын жаңғырту, халыққа көрсетілетін іни рәсімдердің сапалы болуы керек. Сондай-ақ дін мен дәстүрге қатысты іс-шараларды белсенді аталар, әжелер мектебімен бірігіп өткізу керек», - деді бас имам.
Сондай-ақ Серікжан Еншібайұлы жуырда ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен уағызшыларға арналған форумда қабылданған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжатын таныстырып, насихат барысында аталған құжатты басшылыққа алуды тапсырды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
08.03.2024
1708
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру