Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таразда Рамазан айына байланысты брифинг өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 07.03.2024 328 0 пікір
Таразда Рамазан айына байланысты брифинг өтті

Бүгін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Рамазан айына арналған брифинг өтті.

Баспасөз брифингіне жергілікті «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Арай», «Знамия Труда» газеттері мен «Jambyl», «77», «Тараз 24» телеарналарының, ZHAMYLNews ақпараттық порталының тілшілері қатысты.

Алдымен Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Рамазан айының талаптары  мен ережелерін түсіндірді. Қасиетті айдың артықшылығы, мұсылман халқының аталған айды тойлауы, ондағы сауаптар мен ерекшеліктер сөз болды. Рамазанда атқарылатын айтулы шаралар легін атап өтіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. 

«Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы көбірек жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылданды. Алла қаласа, биыл рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – ораза айт мерекесі» - деп атап өтті бас имам.

Қасиетті айда ауызашарлар таратылып, мешітте рухани іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Биылғы Рамазанның ерекшелігі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен қатар келіп жатыр. Сондықтан ауызашарларда наурыз көжелер таратылмақ. 

Жиында «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы мен Ғалымбек Жапек те сөз сөйлеп, ұлық айды сауаты өткізу жайында кеңестерін берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру