Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: Қызылордадағы кәсіпорындар тексерілді

ҚМДБ «Халал Даму» орталығы halaldamu.kz 07.03.2024 413 0 пікір
Халал Даму: Қызылордадағы кәсіпорындар тексерілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау директоры Айбек Асқарбекұлы мен Қызылорда облысының бас имамы  Дастан Жанасұлы өңірдегі бірқатар кәсіпорында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

Аудит барысында «Magnum» сауда орындары, «Ақ барыс» және «KZO ET» қасапханалары, «Арафат», «Белес», «Buffet city» тамақтану орындары, «Du-Du», «Maki-maki» фаст-фуд дәмханалары, «Keremet-et» жартылай фабрикаттары, «Адал ет», «Сейтжанова» ет дүкендері тексерілді. Аудит аясында кәсіпорындардың бекітілген халал стандарты талаптарын толықтай орындауы қадағаланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру