Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы Сыр өңіріне сапары барысында «Құран және тәжуид» курсын тәмамдаған жергілікті имамдарға сертификат табыстады.
Айта кетейік, осыған дейін ҚМДБ-ның Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдарға арналған «Құран және тәжуид» курсы басталғанын хабарлаған болатынбыз.
Курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін пысықтап, емтихан тапсырды. Нәтижесінде курсты сәтті аяқтаған дін қызметкерлері сертификат алды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
07.03.2024
1858
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру