Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Рамазан айына дайындық жиналысы өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 06.03.2024 468 0 пікір
Маңғыстау: Рамазан айына дайындық жиналысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде алдымызда келе жатқан айлардың сұлтаны Рамазан қарсаңында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлының ұйымдастыруымен имамдар жиналысы өткізілді.

Басқосуға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қатысты мешіттердің бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлері қатысып, Рамазан айында атқаралатын іс-шаралар жоспарын айтып өтті. Рамазанға қатысты шаралар қатарында ауызашар өткізу,мешіт аулаларында киіз үй тігу, қайырымдылық шаралары, Құран әліппесі мен намаз үйрену курстарын ұйымдастыру т.б. мәселелер имамдар қаперіне берілді.

Қасиетті айда мешіт тазалығына жіті мән беріп, мешітке келген қонақтарға әдептілікпен жол көрсетуді, Қадір кешіне орай іс-шаралар атқару, қайырымдылық істері т.б) жайында атап өтіп, нақтылы тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, мешітке келуші жамағатпен дұрыс мәміле жасау, имамдардың жүріс–тұрысы, киім әдебі мен сөйлеу әдебінің сақталуы керектігі сөз болды.Жиын соңында әрбір қала, аудан, ауыл имамдарына Рамазан айына арналған іс-шаралар жоспары мен бағдарлама жасақтап, уақытылы есеп жіберіп отырулары міндеттелді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру