Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда Рамазан айына байланысты брифинг өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 06.03.2024 352 0 пікір
Атырауда Рамазан айына байланысты брифинг өтті

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Рамазан айына дайындық және атқарылатын іс-шаралар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.

Брифинг барысында бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Рамазан айында мешіттерде рухани, қайырымдылық бағыттарда шаралар көптеп жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады.

Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады»,- деді. Иә, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмау үшін мүмін барын салады» деп атап өтті Бас имам.

Еске сала кетелік, Рамазан айы биыл 11 наурызда басталады. Пітір садақа мөлшері – 640 теңге. Бір күннің підиясы 3400 теңге. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру