Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 06.03.2024 373 0 пікір
«УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен барған Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай Сыр имамдарына «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасын таныстырды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен жиында Кенжетай Байкемелұлы Республика мешіттерінде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бұл тұғырнаманың маңызды екенін түсіндірді.

Айта кетейік, өткен аптада Астана қаласында өткен І республикалық уағызшылар форумында аталмыш құжат қабылданған болатын. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

Сондай-ақ бүгін Сыр өңірінің мешіттеріне қызметке жаңадан қабылданатын дін мамандарын аттестаттау өтті. Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы бастаған комиссия құрамында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы бар. Аттестаттаудың алғашқы кезеңі ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша компьютерлік тестілеу жүйесі болса, екінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен концептуалды құжаттар бойынша сұрақтарға ауызша жауап берді.

Аттестаттаудың негізгі мақсаты – ҚМДБ діни қызметінің кадрлық құрамын қамтамасыз ету, имам-молдалардың білім сапасын көтеріп, функционалдық міндеттерін іске асыруда тұлғалық және кәсіби дайындығын арттыру.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру