Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының имамдары Рамазан айына дайындықты пысықтады

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 06.03.2024 454 0 пікір
Алматы облысының имамдары Рамазан айына дайындықты пысықтады

Алматы облысы имамдарының көшпелі семинары аясында «Рамазан-2024» ораза айына дайындыққа арналған алқалы мәжіліс өтті.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының төрағалық етуімен өткен жиынға Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарының бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлер қатысты.

Алғы сөзді алған облыс бас имамы жақында «Қазақстан қоғамында уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында өткен І республикалық уағызшылар форумында қабылданған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжатын дін қызметкерлеріне таныстырды.

Бұдан бөлек Мадияр Тағайбайұлы биылғы Рамазан айында атқарылатын ауқымды іс-шаралар жоспарын таныстырып, ауызашар дастарқандарын ұйымдастыру, тарауық намазы мен қарилар мәселесі, тазалық пен қауіпсіздік шараларына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні 11 наурыз болып бекітілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру