Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркиядағы ҚМДБ өкілі наиб имам қызметіне тағайындалды

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 02.03.2024 1215 0 пікір
Түркиядағы ҚМДБ өкілі наиб имам қызметіне тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мүфтияттың Түркия Республикасындағы жауапты өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбаев атқарып жүрген қызметінен босатылып, Республикалық бас мешітке наиб имам болып тағайындалды.

Бас мүфти бұйрығын мешіт имамы Қанат Қыдырмин оқып, наиб имамды жамағатқа таныстырды әрі Жандос Өмірзақұлына алдағы қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

Айта кетсек, Жандос Өмірзақұлы 2001-2005 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ-Араб университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алып, 2005-2007 жылдары Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану» бөлімі бойынша магистратурасын, 2016-2022 жылдары Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анкара университеті Теология факультетінің «Тәпсір» бөлімі бойынша докторантурасын тамамдаған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру