Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үшқоңыр» студенттері халықаралық конференцияға қатысты

«Үшқоңыр» медресе-колледжінің баспасөз қызметі 01.03.2024 889 0 пікір
«Үшқоңыр» студенттері халықаралық конференцияға қатысты

Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебінде БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің офлайн форматта өтетін жыл сайынғы «Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі, MIS MUN 2024» конференциясы ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға әлемнің 21 мемлекеті, Астана, Мәскеу, Санкт-Петербург, Ереван, Ташкент, Бішкек, Орал, Түркістан, Алматы қалаларынан келген 280-ге жуық оқушы-студент қатысты. Биылғы конференцияның тақырыбы – «Жаһанданған әлемдегі құлдық түрлері» және «Адам құқықтарымен жеке әскери қызметті пайдалану және қауіпсіздік қызметі компаниялары».

«MIS MUN-2024» конференциясы салмақты нақты мәселелерді талқылауға бағытталған, атап айтқанда ұзақ уақытқа созылған қақтығыстар, экстремизмнің өршуі, кедейлік, экономикалық теңсіздіктер, босқындар мен қоныс аударушылар санының артуы, климаттың өзгеруі сияқты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерді ауқымы бойынша жаһандық мәселелер жөніндегі жұмысы ұсынылды, қазіргі заманның жаһандық проблемаларына жастардың назарын аудара отырып, халықаралық құқық және қауіпсіздік, мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы білімдерін кеңейте түсуді көздейді.

Діни басқармаға қарасты «Үшқоңыр» медресе-колледжінің студенттері Абубакир Гүлжайна, Базарбаева Гауһар, Омарова Рабия, Көптілеу Нұрсая мен Тенал Темірлан өздерінің ұшқыр ойларымен, ерекше көзқарастарымен тақырыптарын қорғап жүлделі орындарға ие болды. Медресе-колледж шәкірттерінің халықаралық деңгейдегі конференцияда жеңіс тұғырынан көрінуі білім ордасы басшылығы мен ұстаздарының да жетістігі екені даусыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру