Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы елордаға барған іссапары барысында «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен жүздесіп, сұхбат құрды.
Облыс бас имамы медресенің тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастарға ақыл-кеңестерін бөлісті. Сондай-ақ, әрбір студенттің әлеуметтік жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады
«Білім алып, ғылым игеру асқан сабырлылық пен ынта-ықыласты қажет етеді. Руханият қызметшісі болуды мақсат еткендіктен, осы жолда талмай-тынбай еңбек етіп, тер төгуіңіз керек. Сіздердің міндеттеріңіз – қазақ халқының тарихымен сабақтас ислам діні құндылықтарын насихат етіп, ел руханиятын көтеру»,- деді Естай Айтуғанұлы.
Асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелер міндет пен абыройдың да салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет қылуға үндеді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша «Астана» медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттерді Қарағанды өңірінен іс-тәжірибеден өтуге, қызмет етуге шақырды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
01.03.2024
1519
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру