Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша сайыс өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 29.02.2024 418 0 пікір
Ақмола: «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша сайыс өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақмола облысында ізгі қоғам қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бойынша игі шаралар жалғасын тауып келеді.

Облыстық «Науан хазірет» мешітінде «Дін мен дәстүр» кітабының 1 және 2 бөлімі бойынша жамағат арасында білім сайысы өтті. Оған қырыққа тарта сайыскер қатысты. Екі кезеңнен тұрған сайыстың алдыңғы кезеңінде сайыскерлер тест тапсырды. Озық шыққан бес қатысушы соңғы кезеңде бақтарын сынады. Арнайы билет алып, ондағы сұрақтарға жауап берді.

Сайыс қорытындысында барлық сұраққа мүдірмей жауап тапқан Нұрлан Серікұлы бас жүлдені иеленсе, қалған екі орын Еркебұлан Сейітұлы және Бауыржан Ғалымұлына бұйырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру