Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мешітте жаңа подкаст студия ашылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.02.2024 485 0 пікір
Ақтөбе: Мешітте жаңа подкаст студия ашылды

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жаңа подкаст студия ашылды. Студияның мақсаты – заманның ағымына қарай қоғамның рухани деңгейін көтеріп, түрлі діни сауалдарға сала мамандары арқылы сұхбатпен жауап беру. Әрі дәстүрлі дінімізді насихаттап, жат ағымдардың арбауынан халықты сақтандыру үшін пайдалы ақпараттарды көпшілікке дұрыс жеткізу.

Аталған студияның ашылу салтанатына Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы арнайы қатысып құтты болсын айтты. Одан өзге ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Бекежан Аханұлы, Ғалым Дәулеталин, Шалғынбай Өтегенұлы мен өзге де зиялы қауым өкілдері, қоғамда игі істерге бастамашы болып жүрген Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ондық алқа мүшелері қатысты.

Ашылу салтанаты барысында осы іске мұрындық болған Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы қолдау көрсеткен барша демеушілерге алғыс білдіріп, студия асыл дініміздің қызметіне жарайтын, пайдалы дүниелерді жарыққа шығару үшін аянбай қызмет ететіндігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, шара соңында қонақтарға арнайы дастарқан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру