Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Балаларға арналған «Қызықты жексенбі» шарасы өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 29.02.2024 505 0 пікір
Алматы: Балаларға арналған «Қызықты жексенбі» шарасы өтті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басындағы Бағдарлық баяндамасында бекітілген жоспарына сай «Ізгі қоғам» бағыты аясында балаларға арналған «Қызықты жексенбі» шарасы өтті.

Алматы қаласы Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің кітапханасында өткен игі шараға 40-тан астам бүлдіршін қатысып, өз араларында өнерлерімен сайысқа түсті. Өзара өнер салыстырып сайысқа түскен бүлдіршіндерге шара соңында тәттілер салынған қорапшалар тарту етілді.

Бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа мұрындық болған Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев пен ауданның барлық дін қызметкерлеріне ата-аналар арнайы алғыс білдірді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру