Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сектор меңгерушісі – Сыр өңірінде

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 27.02.2024 479 0 пікір
Сектор меңгерушісі – Сыр өңірінде

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен барды.

Алдымен сектор меңгерушісі «Сыр маржандары» қыз-келіншектер клубының мүшелерімен кездесті. «Салиқалы ұрпақ – ізгі қоғам жемісі» тақырыбында өткен кездесуде Динара Құтқожақызы иманды ұрпақ тәрбиелеудің Исламдағы дәрежесі мен ананың рөлі жайлы сөз қозғаса, өңірге арнайы келген сектордың Алматы облысындағы жауапты өкілі, дінтанушы-психолог Назерке Әкішқызы бала тәрбиесіне қатысты тренинг жүргізді. Жиын соңында сұрақтарға жауап беріліп, ханымдар өзара пікір алмасты.

Бұдан кейін «Қазақ қоғамындағы аналар келбеті» тақырыбында әжелер мектебінің отырысы өтті. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен жиынға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы және  ақ жаулықты аналарымыз қатысты. Шарада ислам және дәстүр құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгі қоғам қалыптастырудағы аналар институтының үлесі жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ қазақ әйелінің келбеті туралы насихат айтылып, мағыналы бейнероликтер көрсетілді.

Сапар кестесіне сәйкес, сектор меңгерушісі Қызылорда қаласында орналасқан «Анаға тағзым» орталығында  өткен «Қыз бала тәрбиесі – ұлт болмысының тірегі» тақырыбында кездесуге қатысты. Қызылорда медициналық жоғары колледжінің және педагогикалық жоғары колледжінің 1-курс студенттері, дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог, теолог мамандары, көп балалы аналар, мешіттің ұстаздары, әйел жамағаты қатысқан кездесуде Динара Құтқожақызы «Жастар – ізгі қоғам жанашыры» тақырыбында насихат жүргізсе, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, РАТТ мүшесі Алмагүл Аяғанова «Заманауи қыз баланың бейнесі», Әйел-қыздар секторының Қызылорда облыстық жауапты өкілі, облыстық АТТ мүшесі Ләззат Сыдықова «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»  тақырыптарында салиқалы ойларын бөлісіп, қыз баланың қоғамдағы рөлі, тәрбиесі жайлы тағылымды ақыл-кеңестерін айтты.

Сондай-ақ Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы қала және аудан мешіттерінің әйел ұстаздарына семинар-тренинг өткізді. Қызылорда қалалық орталық «Нұр» мешітінде «Ұстаз әдебі және қоғаммен байланыс орнату» тақырыбында өткен шарада Динара Құтқожақызы ұстаздың жалпы әдебі, шәкірттермен байланысы, қоғаммен тығыз қарым-қатынас орната білуі жайлы сөз қозғаса, дінтанушы-психолог Назерке Әкішқызы психологиялық ойындар ойнатып, тренинг жүргізді.

Семинар соңында дін қызметкерлері ағарту жұмыстарының жүйелі атқарылуына қатысты ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру