Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Исламдағы жас отбасы» семинар-тренинг өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 26.02.2024 486 0 пікір
Алматы: «Исламдағы жас отбасы» семинар-тренинг өтті

Алматы қаласы Алатау ауданы дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына сәйкес «Исламдағы жас отбасы» атты жас жұбайларға арналған отбасылық семинар-тренинг өтті.

«Smart Point» ғимаратында өткізілген игі шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, жас жұбайларға «Ізгі отбасы – қоғамды ізглікке бастайды» тақырыбында құнды насихат айтты. Отбасылық пікір алмасу семинарында Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев бабаларымыздан келе жатқан «Үйлену оңай, үй болу қиын» мақалының мәнін ашып, жас-жұбайларға бірнеше кеңес айтты.

Сонымен қатар «Үйленбей жатып үйрен» кітабының авторы, дінтанушы PhD докторант Руслан Қамбар отбасын құруға ниетті жастарға «Жарасымды өмір сүру жолдары» жайлы кеңес берді. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы «Жұбайлар арасында түсінбеушілік пен оның шешімдері» тақырыбында жақсылыққа бастайтын жолдар мен шешімдер турасында кең мағлұмат берді..

Шара барысында дәстүрлі халық әндері шырқалып, арнайы ұйымдастырылған кофе-брейк арқылы қатысушыларға тәттілер ұсынылды. Тренинг өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа бағытталған әдістерінің жиынтығы екенін ескерсек, 120 дан астам қатысушы жас-жұбайлар семинардан көптеген рухани азық алғандарын тілге тиек етіп, ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын білдірді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру