Жиында оқу ордасының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Аслан Еділханұлы «Дін және зайырлы мемлекет» жайында баяндама жасаса, бас имам Бейбіт Мырзагелдиев «Білім алу әрбір мұсылманға парыз» турасында насихат айтты. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасары Шәріп Дәулетбаев «Тәрбие тал бесіктен басталады» турасында, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы сөзі «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында сөз сөйледі. 

Ислам діні – ұлты­мыз­дың басты рухани негізі, ата-баба­ларымыздың ұстанған, қас­тер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасыр­дан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дарқан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген. Биылғы жылды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, шарада дәстүрлі құндылықтар сөз болып, жастардың сұрақтарына жауаптар берілді.