Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДА: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 26.02.2024 375 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДА: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан әйел-қыздар арасында аймақтық байқау өтті.

Игі шараның ашылуы рәсімінде сөз сөйлеген ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы және облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы Алланың кәләмін жаттаудың сауабы жайлы насихат айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Аталмыш сайыста аймақ мешіттерінің намысын қорғауға келген шәкірттер арнайы шарттар шеңберінде өзара бақ сынасты. Сайыскерлердің арасында алпыс бестегі ақ жаулықты әжелер де, сегіз жасар балақай да бар.

Жарыс қорытындысына сәйкес, І орынды Гүлнар Махамбетова жеңіп алса, ІІ орын Индира Омарбекке және ІІІ орын Гүлнұр Махамбетқалиға бұйырды. Сондай-ақ барлық қатысушыға ынтыландыру сыйлықтары табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру