Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысындағы құс фабрикалары тексерілді

ҚМДБ «Халал Даму» halaldamu.kz 26.02.2024 578 0 пікір
Алматы облысындағы құс фабрикалары тексерілді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы өңірдегі «Otan Green Food» және «Прима құс» фабрикаларында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

«Тексеріс барысында құстардың жем-азығының таза болуы, құсты шариғатқа сай қолмен бауыздауы секілді өзге де стандарт талаптарының орындалуы қадағаланды. Аудит қорытындысы бойынша, шариғат шарттары мен халал стандарты ережелерін бұзу жағдайлары тіркелмеді», – дейді А.Асқарбекұлы.

Бақылау-қадағалау шараларынан кейін құс фабрика қызметкерлеріне арнайы оқу-семинар өткізіліп, қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру