Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АТЫРАУДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.02.2024 841 0 пікір
АТЫРАУДА ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткен «Ислам экстремизмге қарсы» халықаралық конференциясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы өтті.

Салтанатты шарада ҚМДБ Төрағасы: «Халқымыз қастер тұтқан, жаугершілік заманда батырларды Отанды қорғауға үндеген, жиын-тойларда жұртты ізгілікке шақырған төл аспабымыз – домбыраны «харам» деп жүрген жастарды осы кітапты оқуға шақырамын. Сәлем салуды Аллаға серік қосу деп санайтындарға да осы кітапта жауап жазылған. Сәлем салу – Аллаға серік қосу емес, үлкен құрметтің белгісі. Сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан тәрбиелік мәні зор ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығару үлкен қателік деп атар едім. Міне, осындай жаңсақ пікірлерге «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы толыққанды жауап береді деген ойдамыз» деді.

Айта кетейік, танытым рәсіміне еліміздің және шетелдік дін ғалымдары, жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер, дін қызметкерлері қатысты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру