Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сектор меңгерушісі – Жетісу төрінде

muftyat.kz 19.02.2024 553 0 пікір
Сектор меңгерушісі – Жетісу төрінде

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Жетісу өңіріне іссапары барысында орталық «Иман» мешітінде жергілікті ұстаздар және жамағатпен жүздесті.

Алдымен сектор меңгерушісі «Исламдағы бала тәрбиесі» танымдық семинарына қатысып, бала тәрбиесінің маңызы жөнінде насихат айтты. Осы семинарда сектордың Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Назерке Әкішқызы қыз тәрбиесі, ал мегаполис Алматы қаласының жауапты өкілі Гүлмира Ілесбайқызы ұл тәрбиесі жайында баяндама оқыды.

Бұдан кейін Динара Құтқожақызы Жетісу облыстық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр құндылықтары» тақырыбында аудан ұстаздарымен жиналыс өткізді. Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы құтықтау сөзін жолдап,  елген қонақтарға сый-сияпат жасады. Сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы «Ислам және дәстүр» тақырыбында баяндама жасады. Облыстық Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Динара Мұратқызы келген қонақтарға жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ сектордың Жетісу облысындағы жауапты өкілі Әйгерім Орынбасарова әйел ұстаздарды таныстырып, өз жұмыстарын көрсетті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру