Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Имамдар көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 19.02.2024 533 0 пікір
Қарағанды: Имамдар көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол» қайырымдылық акциясы аясында көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірілді.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты – қоғамның игілігі үшін еңбек етіп жатқан жандарға қолдау білдіру. Қайырымдылық акциясында 100 көше тазалықшысы қамтылды.

Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін айтып, мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатынын тілге тиек етті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру