Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: Діни әдебиеттерді тексеру жалғасуда

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 16.02.2024 629 0 пікір
Алматы облысы: Діни әдебиеттерді тексеру жалғасуда

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасына орай өңірге қарасты мешіттер мен діни заттар сататын дүкендерде кітаптарды тексеру жұмыстары өз жалғасын табуда.

Тексеру жұмыстары кезінде Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты мешіт-медреселер, құлшылық үйлерінің қасындағы діни дүкендер, сауат ашу курстары, қайырымдылық және түзету мекемелеріндегі кітап сөрелері қамтылуда. 

Алматы облысы бойынша діни сараптама бағытына жауапты имам Сәкен Еншібайұлының айтуынша, бұл жердегі негізгі мақсат – көпшілік оқырман қауымға арналған еңбектердің Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне толық сай екендігін қадағалау, сондай-ақ халық арасында дәстүрімізге жат ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу болып табылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру