Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Қала имамы – әскери бөлімде

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 16.02.2024 594 0 пікір
ШҚО: Қала имамы – әскери бөлімде

ҚМДБ бастамасымен жарияланған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында рухани тәрбиені дамыту бағытында Өскемен қалалық «Защита» мешітінің бас имамы Біржан Қабылахметұлы қаладағы 27943 әскери бөлімде кездесу жасады.

Ол өз сөзінде рухани тәрбие, адамгершілік құндылықтардың өмірдегі маңызы жайлы тағылымды танымдық насихат айтты.

Бас имам кездесуде сарбаздарға: «Асыл дініміз ислам-адамгершіліктің діні. Әр адам рухани кемелденсе қоғамда ізгілік орнайды. Рухани тәрбие ілімі Ұлы Абай атамыз айтқан толық адам қағидасымен ұштасып жатыр. Қоғамның барлық саласында рухани тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттау аса маңызды» деп атап өтті. Ол сонымен қатар сарбаздарға отан қорғаудың ата-бабадан жалғасқан абыройлы міндет екендігін жеткізе отырып, асыл дініміз исламда айтылған ел тыныштығын күзетудің абзалдығы хақындағы хадистерден мысалдар келтірді.

Кездесу барысында бас имам әскерилерден қойылған сұрақтарға нақты мысалдармен жауап берді. Басқосу соңынан Біржан Қабылахметұлы Отан тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген қызметкерлерге амандық, елімізге бейбітшілік тілеп, дұға жасады.

Тағылымдық және танымдық әңгімесі үшін әскери бөлімнің бастығы Біржан Қабылахметұлына шынайы алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру