Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: «Алатау Құс» фабрикасы тексерілді

ҚМДБ «Халал Даму» halaldamu.kz 16.02.2024 579 0 пікір
Халал Даму: «Алатау Құс» фабрикасы тексерілді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы өңірдегі кәсіпорындарда айлық аудит шараларын жүргізуде.

Тексерістің алғашқы күні республика бойынша ең ірі құс фабрикаларының бірі – «Алатау құс» кәсіпорны тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына халалдың жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков та қатысты.

«Алатау құс» фабрикасында инкубация цехы, құс бауыздау және ет өңдеу, шұжық өнімдерін дайындау секілді 5 түрлі цех жұмыс жасайды. Құс фабрикасын тексеру кезінде құсты қолмен бауыздау, жем-азықтың халал стандартқа сәйкестігі, құс етін өңдеу процессінің бекітілген стандартқа сай орындалуы қадағаланады. Сонымен қатар, дайын өнімдерді тасымалдау үшін қолданылатын логистикалық көліктері мен санитарлық тазалығы да назарға алынды. Және де қызметкерлердің біліктілігі мен білімін жетілдіру мақсатында халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – дейді А.Асқарбекұлы.

«Алатау құс» фабрикасында жүргізілген аудит нәтижесі – оң, халал стандарты талаптарын бұзу жағдайы тіркелмегендігін хабарлаймыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру