Алыс сапарға шығып, Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар секілді аудандардың жол тораптарында табиғаттың тылсым ауа райы өзгерістеріне төтеп бере алмай көптеген жолаушылар жолда қалды.
Аймаққа қарасты қала, аудан мешіттерінің имамдары жергілікті жамағатпен бірігіп мүсәпірлерге ыстық тамақтар жеткізіп, мешіттер мен арнайы орындарды паналауға жағдай жасап сауапты әрі қайырымды іс жасады. Сондай-ақ Алла дінінің қызметкерлері жолдың ашылуын бірнеше күткен күн жолаушыларға ислам дініндегі бірліктің маңыздылығы, жанашырлық, қайырымдылық туралы насихаттар айтты.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
16.02.2024
1463
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру