Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ «ХАДИСТАНУ ІЛІМІ» КУРСЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 16.02.2024 444 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ «ХАДИСТАНУ ІЛІМІ» КУРСЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде Имамдардың діни білімін жетілдіру һәм қайта даярлау орталығында «Хадистану ілімі» курсы ашылды.

Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының бастамасымен курста белгілі ұстаздар дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаев, РАНТ мүшесі Ералы Есенгелдиев, «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Жомарт Дөрбетхан, Нұрсұлтан қари Мамедалиев сынды ұстаздар дәріс береді.

Курс барысында «Діни оқу-ағарту» бағытының бағдарламасы аясында хадис ілімі, Құран және тәжуид, Ислам тарихы және дін мен дәстүр пәндері жүргізіледі. Курсы бағдарламасы 10 күндік, 250 тыңдаушыға арнайы сертификат табысталады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру